"Өмір – әуен. Жизнь как песня"
- ostrovfilial9
- Jun 1, 2022
- 1 min read
Өмір – әуен «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері опера әншісі Р. Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай «Халықтың рухани байлығы» жобасы аясында «Өмір – әуен» атты әдеби-музыкалық сағат өткізді. Кітапханашылар оқырмандарды Р. Бағланованың өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырды, балалар «Әдемі-ау», «Ах, Самара городок» әндерін тыңдады. Роза Бағланова – дәуір тудырған тұлға, Уланова, Плисецкая, Рихтермен бір сахнада өнер көрсеткен, Н. Хрущевпен, Д. Нерумен, көптеген әлемдік мемлекет қайраткерлерімен таныс болған дарын иесі. Кітапханашы «Қазақ даласының бұлбұлы» атты кітап көрмесіне шолу жасады, жас өрендердің назарына Жүзбай Жанғалидің Р. Бағланованың өмірбаянымен, шығармашылығымен, оның 1946 жылы Мәскеуде ерекше беделге ие болған сәттерімен таныстыратын «Қазақ эстрадасының алғашқы қарлығашы» атты мақаласын ұсынды. Жизнь как песня К 100-летию со дня рождения оперной певицы Р. Баглановой в рамках проекта «Духовное богатство народа» сотрудники библиотеки-филиала «Киевский» провели литературно-музыкальный час «Жизнь как песня». Библиотекари ознакомили читателей с жизнью и творчеством Р. Баглановой, дети прослушали песни «Адемаю», «Ах, Самара городок». Роза Багланова является национальным символом целой эпохи: она стояла на одной сцене с Улановой, Плисецкой, Рихтером, была знакома с Н. Хрущевым, Д. Неру, многими мировыми государственными деятелями. Библиотекарь провела обзор книжной выставки «Соловей казахской степи». Внимание детей было обращено на статью Жүзбай Жанғали «Қазақ эстрадасының алғашқы қарлығашы», в которой рассмотрена творческая биография Р. Баглановой, ее восхождение в 1946 году на творческий олимп в Москве.

Comments