"Ұмытылмас ерлік. Великому подвигу жить в веках»
- ostrovfilial9
- Jun 1, 2022
- 2 min read
«Киевский» кітапхана-филиалында М. Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» атты іс-шара өткізілді. Мәншүк Мәметова – Калинин майданы 3-екпінді әскерінің 100-жеке атқыштар бригадасының пулеметшісі, аға сержант, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған алғашқы қазақ аруы. Кітапхана қызметкерлері қатысушыларды М. Мәметованың әскери ерлігімен таныстырып, оның қайсарлығын, батылдығын танытты. көрсетті. 1942 жылдан бастап Қызыл Әскер құрамына хатшы болып қабылданды, медбике болып жұмыс істеді, содан кейін саптық бөлімге пулеметші болып тағайындалды. Іс-шара аясында «Ұлы әйелдің ерлігі» атты кітап көрмесі құрылды. Қатысушылар назарына Бақтылы Борымбаеваның «Мәншүктің ерлігі Америка жұртына да үлгі болды» мақаласы және американдық фотограф Стив Гаррисон сақтаған Мәншүк Мәметованың газетте жарық көрген фотосуреті ұсынылды. Қ. Құттымұратұлының «Оралдағы жаңа әуе терминалы» мақаласында Орал қаласындағы (Батыс Қазақстан) жаңа халықаралық әуежайға М. Мәметованың есімі берілгендігі баяндалған. Оқырмандар Б. Қайратұлының «Қазақтың батыр қызы» мақаласы арқылы Мәншүк Мәметованың өміріне қатысты тың деректермен танысып, оны асырап алып, әлпештеп өсірген ата-анасының фотосуреттерін көрді. М. Мәметованы еске алу мақсатында Гүлсім Селжанованың «Мәншүк» өлеңі оқылды. Құрметті оқырмандар, «Киевский» кітапхана-филиалы Сіздерді асыға күтуде! Великому подвигу жить в веках В библиотеке-филиале «Киевский» проведено мероприятие «Великому подвигу жить в веках» посвященное 100 летию со дня рождения М. Маметовой. Маншук Маметова – пулемётчица 100-й отдельной стрелковой бригады 3-й ударной армии Калининского фронта, старший сержант, первая казахская женщина, которой было присвоено звание Герой Советского Союза. Сотрудники библиотеки рассказали сложную биографию девушки, военный подвиг М. Маметовой, показали характер молодой девушки. В Красную Армию была зачислена с 1942 года писарем, работала медсестрой, затем, была назначена первым номером пулемётного расчёта в строевую часть. К мероприятию была оформлена книжная выставка «Подвиг великой женщины». Обращено внимание на статью Борымбаевой Бақтылы «Мәншүктің ерлігі Америка жұртына да үлгі болды» о Маншук Маметовой и ее фотографией в газете, бережно хранимой американским фотографом Стивом Гаррисоном. Статья Құттымұратұлы, Қ. «Оралдағы жаңа әуе терминалы» о присвоении имени М. Маметовой новому международному аэропорту в городе Орал, в Западном Казахстане. В статье Б. Қайратұлы «Қазақтың батыр қызы», читатели познакомились с малоизвестными фактами биографии Маншук, увидели фотографии ее приемных родителей. Памяти М. Маметовой представлено стиховторение «Маншук» Сельжановой Гульсим. Уважаемые читатели, добро пожаловать в библиотеку-филиал «Киевский»!

Comments