«Шаттыққа толы мереке. Праздник души и цветов"
- ostrovfilial9
- Mar 31, 2023
- 1 min read
«Шаттыққа толы мереке»
байқау
«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 13 ЖББОМ-да 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Шаттыққа толы мереке» іс-шарасын өткізді. Кітапханашы оқушыларды 8 наурыз мерекесімен құттықтап, мереке тарихын айтып, гүлдерге байланысты квест-ойын өткізді. 2 топтағы балалар жарыстың қызықты өтуі үшін бар күш-жігерін салды. Жеңімпаз топ жүлделермен марапатталды.
Іс-шараға «8 наурыз мерекесімен!» тақырыпта мерекеге арналған көркем кітаптар, балалар журналдары, өлеңдер, әңгімелер ұсынылды. Оқырмандар «Мэри Поппинс», «Анам ұйықтап жатыр, ол шаршады...», балалар журналдарына қызығушылықтарын танытты.
«Киевский» кітахана-филиалына қош келдіңіздер!
«Праздник души и цветов»
конкурс
Сотрудниками библиотеки-филиала «Киевский» проведено мероприятие «Праздник души и цветов» в ОСШ № 13 с участием учащихся 7-го класса. Библиотекарь поздравил учащихся с праздником 8 марта, озвучил историю праздника и провел квест-игру, связанную с цветами. Ребята из 2-х групп приложили все усилия, чтобы соревнование прошло интересно. Победившая группа была награждена призами.
К мероприятию была оформлена книжная выставка «С праздником 8 марта!». Предложены художественные книги, детские журналы, стихи, рассказы, посвященные празднику. Особый интерес читатели проявили к книгам «Мэри Поппинс», «Мама спит, она устала...», детским журналам.
Добро пожаловать в библиотеку-филиал Киевский»!

Comments