«Тіл – достықтың алтын көпірі. Язык – золотой мост дружбы»
- ostrovfilial9
- Oct 11, 2022
- 2 min read
«Тіл – достықтың алтын көпірі»
хабарлама сағаты
«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 25 Негізгі орта мектебінің оқушылары үшін Қазақстан Республикасының Тілдері күніне орай «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты хабарлама сағатын өткізді. Елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылдың 20 қаңтарындағы Жарлығына сәйкес Қазақстан халқының тілдері күні аталып өтіледі. Бұл –барлық қазақстандықтар үшін ортақ мереке, Қазақстан халқы арасындағы бірлік пен келісімнің айғағы.
Жүргізуші қатысушыларды мерекенің тарихымен, Қостанай облысындағы этнографиялық орталықтардың жұмысымен, еліміздегі этностардың өмірімен таныстырды, мемлекеттік тіл мен ана тілді үйрену қажеттілігін жеткізді.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» жолдауында «Болашағын отанымен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге, ден қоюға тиіс» делінген.
Мемлекеттік тілді оқытудағы үздік әдістемелер туралы «Көреміз, ойлаймыз, сөйлейміз» мақаласы ұсынылды. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру әдістемесі математика және қазақ тілін меңгертуге арналған, бұл әдістемеге сәйкес ұқсас тақырыптар біріктіледі және материалдар блоктар бойынша, сондай-ақ кесте түрінде беріледі.
Іс-шара аясында еліміздегі диаспоралардың тарихын, сонымен қатар этноорталықтардың жұмысы туралы ақпаратты қамтитын, қазақ халқының салт-дәстүрлерін паш ететін «Мы, народ Казахстана» кітабы таныстырылды.
Баршаңызды «Киевский» кітапхана-филиалының оқырманы болуға шақырамыз, бізбен бірге болыңыздар!
«Язык – золотой мост дружбы»
час сообщений
В ОСШ №25 сотрудниками библиотеки-филиал «Киевский» проведено мероприятие на тему «Язык – золотой мост дружбы», приуроченный к Дню Языков Республики Казахстан. День языков народа Казахстана утвержден Указом Президента Республики Казахстан 20 января 1998 года. Этот день стал общим праздником для всех казахстанцев, он символизирует единство, согласие между народами Казахстана.
Ведущая рассказала историю праздника, о работе этнографических центров в Костанайской области, этносах нашей страны, о необходимости изучения государственного языка и родного языка.
Обращено внимание на Послание Президента РК К.-Ж. Токаева «Единство народа и системные реформы – прочная основа процветания страны», в документе говорится: «Каждый гражанин, связывающий своё будущее с нашей страной, должен приложить все усилия к изучению государственного языка».
Предложена статья «Видеть, думать, говорить» о лучших методиках в обучении государственного языка. Методика УДЕ задумана для уроков математики и для изучения казахского языка - она объединяет родственные темы и материал выдается блоками, также в виде таблиц.
Рекомендована книга «Мы, народ Казахстана», в книге изложена история диаспор страны, работа этноцентров. Книга проникнута духом добра, уважения к традициям народа Казахстана.
Добро пожаловать в библиотеку-филиал «Киевский»!

Comments