«Табиғатты бірге қорғайық. Сохраним природу вместе»
- ostrovfilial9
- Jan 6, 2023
- 1 min read
Табиғатты бірге қорғайық
«Киевский» кітапхана-филиалында Республика күніне орай «Табиғатты бірге қорғайық» атты іс-шара өткізілді. Ұйымдастырушылар оқырмандарды мерекемен құттықтап, игі тілектерін білдірді.
Елімізде Қазақстанның табиғаты мен фаунасын сақтауға көп көңіл бөлінеді. Жиналған қауым Қызыл кітаптың мазмұнымен танысты, табиғаттың ластануына әсер ететін фактілерді анықтады, табиғатты қорғау жолдарына тоқталды, экологиялық этикет туралы ақпаратқа қол жеткізді. Оқырмандар жұмбақтарды шешіп, жануарлар туралы викторинаның сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара аясында «Табиғатты қорға!» кітап көрмесі құрылды. «Экологиялық курьер» газеті ұсынылды, итбалықтарды қорғау мәселесі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауында екендігі және Маңғыстауда каспий итбалығын сақтауға арналған резерваттың құрылғандығы жеткізілді.
Іс-шара соңына қарай кітапханашы оқырмандарды табиғатты сүюге және ұқыпты қарауға шақырды.
Сохраним природу вместе
В библиотеке-филиале «Киевский» проведено мероприятие «Сохраним природу вместе». Мероприятие было посвящено предстоящему празднованию Дня Республики, ведущие поздравили читателей с праздником, пожелав здоровья и процветание нашей стране. В нашей стране сохранению природы и фауны Казахстана уделяют большое внимание. Читатели познакомились с содержанием Красной книги, услышали материал о фактах загрязнения природы и ее восстановления, экологическом этикете. Читатели угадывали загадки, играли в викторину о животных.
К мероприятию была подготовлена книжная выставка «Берегите природу!». Обращено внимание на газету «Экологический курьер», озвучена информация о создании резервата для сохранения каспийского тюленя в Мангистау. Защита тюленей находится под контролем Президента страны
К.-Ж. Токаева.
Ведущая призвала читателей к ответственности и бережному отношению к природе.

Comments