"Отан туралы білім
- ostrovfilial9
- Sep 5, 2022
- 1 min read
Журналист, тарихшы, өлкетанушы Қ. Т. Ормановтың (Урманов) 80 жылдығына орай «Киевский» кітапхана-филиалында «Отан туралы білім» атты іс-шара өткізілді. Қуанышбай Орманов – Қостанай облысының тарихына арналған кітаптар мен мақалалардың авторы, олардың қатарында «Тұран өркениетінің ізімен», «Краткий экскурс в историю нашего края», «Немного о истории славян» сынды басылымдар бүгінде зор сұранысқа ие. Жүргізуші журналистің өмірбаяны мен шығармашылық жолына тоқталды. Оқырмандарға ежелгі заманда Қостанай өңірін мекендеген халық туралы ақпаратты қамтитын «Тұран өркениетінің ізімен» кітабы ұсынылды. Жиналған қауым Қ. Ормановтың «Краткий экскурс в историю нашего края» атты еңбегіне назар аударды. «Жаны көркем жақсы аға» мақаласында Қ. Т. Ормановтың өмірбаяны мен қызметі баяндалған. Тарихшы көптеген жылдар бойы журналистика саласында жұмыс істеп, қазақ халқының мәдениетін паш ететін шоқтығы биік еңбектерді жариялады. "На пути к познанию Родины" К 80-летию журналиста, историка, краеведа К. Т. Орманова (Урманов) в библиотеке-филиале «Киевский» проведено мероприятие «На пути к познанию Родины». Куанышбай Орманов – автор книг и статей по истории Костанайской области, среди которых «Тұран өркениетінің ізімен», «Краткий экскурс в историю нашего края», «Немного о истории славян». Ведущая озвучила биографию и творческий путь журналиста. Читателям предложена книга «Тұран өркениетінің ізімен», посвященная древней истории, туранцам, населявшим Костанайский край. Акцентировано внимание на труд К. Орманова «Краткий экскурс в историю нашего края». Статья «Жаны көркем жақсы аға» посвящена биографии и деятельности К.Т. Орманова. Он много лет работал в сфере журналистики, в этот период издал труды о культуре казахов, которые любимы и популярны в народе.

Comments