top of page
Search

"Келешек ұрпақтың замандасы"

  • ostrovfilial9
  • Sep 5, 2022
  • 1 min read

«Киевский» кітапхана-филиалында жазушы Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай «Келешек ұрпақтың замандасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапханашы қаламгердің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, «Қыран жыры», «Өмір ертегісі» әңгімелерін оқуға кеңес берді. Қатысушылар назарына «Ұлпан» романы ұсынылды. Романда қазақтардың патриархалдық өмір салты және отырықшылыққа көшу үрдісі көрсетілген. Қазақ халқының қарапайым қызы Ұлпан бейнесі арқылы халықтың арман-мақсатын, жақсылыққа ұмтылысын өмірдің жаңалығына дайын екендігін көрсете білген. Жазушы көптеген жоғары марапаттарға, отандастарының махаббатына, ризашылығына ие болған. Жазушы өзі туралы «Мен киелі де қасиетті қазақ даласының перзентімін», - деп айтқан. Ғабит Мүсірепов ұлттық сөз өнері тарихында дарынды мәдениет қайраткері, халқының адал перзенті ретінде мәңгі қалады.


"Современник, грядущих поколений"


В библиотеке-филиале «Киевский» проведен обзор книжной выставки «Современник, грядущих поколений», посвященный 120-летию со дня рождения писателя Габита Мусрепова. Библиотекарь рассказала биографию и творчество писателя. Предложены рассказы: «Сказание об орлах», «Зов жизни». Внимание обращено на роман «Улпан её имя». В романе показан патриархальный уклад жизни казахов и переход к оседлости. В образе простой дочери казахского народа Улпан показана нравственная сила и мечта лучшей жизни народа. Творческий труд Габита Мусрепова отмечен многими высокими наградами. Самое главное – любовью и благодарностью соотечественников. Как говорил о себе сам писатель, он истинный сын своей степи, которая вскормила и вспоила его.




 
 
 

Kommentarer


bottom of page