"Бәріміз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсымыз. Вместе против бытового насилия"
- ostrovfilial9
- Jan 6, 2023
- 1 min read
Бәріміз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсымыз «Киевский» кітапхана-филиалында «Бәріміз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты әңгіме өткізілді. Жүргізуші тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлерімен таныстырды, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларына, зардап шеккен жандарды қолдауға арналған дағдарыс орталықтарының жұмыстарына тоқталды. Сондай-ақ, отбасындағы озбырлық, әйел қауымына қатысты психологиялық қысым, Шымкент, Түркістан, Алматы қалаларында орын алған қатыгездік, суицид фактілері қарастырылған «Тұрмыстағы кикілжің неден туындайды?» мақаласы ұсынылды. Мақала авторы жан азабын көрген жәбірленушілер психикасына келтірілген кері әсерлердің салдарынан қарсылық көрсетуге, өз құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жасқанатынын жеткізіп, зорлық-зомбылыққа біртұтас қоғам болып күресу қажеттігін аңғартады. Вместе против бытового насилия В библиотеке-филиале «Киевский» проведена беседа «Вместе против бытового насилия». Ведущая рассказала, что такое бытовое, домашнее насилие, виды насилия, озвучила меры административной и уголовной ответственности, отметила работу в кризисных центрах для пострадавших. К мероприятию была оформлена книжная выставка «Закон о тебе и обо мне». Внимание читателей обращено на статью «В латентных условиях», автор статьи предлагает усилить воспитательную работу для родителей. Также обращено внимание на статью «Тұрмыстағы кикілжің неден туындайды?», в ней рассматриваются случаи тирании в семье, психологического давления в отношении женщины, фактах зверства, убийства, суицида в Шымкенте, Туркестане, Алматы. Автор статьи считает, что подобные случаи связаны с патологией психологии и женщинам надо найти в себе силы уйти от тирана.

Commentaires