«Ақиқаттан аттамаған жазушы. Искренний голос писателя"
- ostrovfilial9
- Jun 1, 2022
- 1 min read
Ақиқаттан аттамаған жазушы «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері оқырмандар үшін Т. С. Әбдіковтің 80 жылдығына арналған «Ақиқаттан аттамаған жазушы» атты ақпараттық досье өткізді. Төлен Әбдіков – танымал жазушы, драматург, аудармашы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Кітапханашы қатысушыларды қаламгердің өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырды. Жазушы-философтың шығармалары өмірдің мәнін ұғындырып, адамгершілік пен ізгіліктің ұрығын себеді. Іс-шара аясында «Ақиқатты іздеу жолы» кітап көрмесі құрылды, «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт», «Қонақтар», «Ақиқат», «Бас сүйек» кітаптары ұсынылды; шығармалардан үзінділер оқылды. Т. Әбдіковтің шығармаларында сан түрлі өмірлік жағдайлар суреттеледі. Жазушы өнер мен ғылымды дамыту мәселелерін көтерген. Қостанайда зиялы қауымның, облыс әкімі А. Б. Мұхамбетовтың қатысуымен жазушының мерейтойы аталып өтілді, бұл ретте «Қос ғасырдың құрметтісі» атты мақала жарық көрді, қатысушылар материалға асқан қызығушылық танытты. Искренний голос писателя Для читателей сотрудники библиотеки-филиала «Киевский» провели информ-досье «Искренний голос писателя», посвященное 80-летию Т. С. Абдикова. ТоленАбдиков – известный писатель, драматург, переводчик, лауреат Государственной премии РК. Библиотекарь рассказала его биографию и творчество. Писатель–философ, поднимает вопросы смысла жизни, нравственности человека. Была подготовлена книжная выставка «Путь поиска своей истины», представлены книги: «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт», «Гости», «Истина», «Череп», прочитаны отрывки из произведений. Произведения Т. Абдикова построены на основе разнообразных жизненных ситуаций. Писатель поднимает проблемы морали искусства и науки. Обращено внимание на статью «Қос ғасырдың құрметтісі» о чествовании в Костанае юбилея писателя, в котором приняли учатие многие творческие люди и аким области А. Б. Мухамбетов.

Comments