"Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани көшбасшысы"
- ostrovfilial9
- Jan 6, 2023
- 2 min read
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани көшбасшысы
«Киевский» кітапхана-филиалында «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани көшбасшысы» атты іс-шара өткізілді.
Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист. Алаш партиясының мүшесі болған. А. Байтұрсынұлы 1937 жылы жазықсыздан қамауға алынып, ату жазасына кесілген. 1988 жылы ақталған.
Оқырмандарға қазақ халқының бостандығы үшін күрескен, мәдениетті дамытуға, ұлттық рухты сақтауға елеулі үлес қосқан қайраткердің өмірбаяны мен қызметі туралы ақпарат баяндалды. Ұйымдастырушылар А. Байтұрсынұлының қазақ жерлерін қайтару, мемлекеттік аппарат пен сот органдарында іс қағаздарын жүргізу, «Қазақ» газетін, қазақ әліпбиін, қазақ грамматикасын құру жолындағы ерен еңбегіне тоқталды.
Іс-шара аясында «Светило казахского народа» мақаласы ұсынылды. «Алаш» партиясының құрылу тарихы, оның қайраткерлері, мақсаттары туралы «Движение Алаш: историко-духовные традиции» мақаласында түркі халықтарының тіліне, жеріне, тағдырына қатысты мәселелер қаралды.
Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген Ахмет Байтұрсынұлының есімі ұрпақ жүрегінде жатталып, мәңгі есте қалары хақ.
Ахмет Байтурсынов – духовный лидер казахского народа
В библиотеке-филиале «Киевский» проведено мероприятие «Ахмет Байтурсынулы – духовный лидер казахского народа».
Ахмет Байтурсынулы – просветитель, учёный-лингвист, литературовед, тюрколог, поэт и переводчик, общественный деятель и политический публицист, наш земляк. Член партии Алаш. Расстрелян в период Большого террора, реабилитирован посмертно.
Читателям была озвучена биография и деятельность А. Байтурсынулы. Его жизнь была пронизана заботой о свободе казахов, развитии культуры, сохранении духа нации. Показана политическая борьба А. Байтурсынулы с требованием возвращения казахских земель, ведения делопроизводства в государственном аппарате и судебных органах, создание газеты «Казах», казахской азбуки, казахской грамматики.
Обращено внимание на статью «Светило казахского народа». Рекомендована статья «Движение Алаш: историко-духовные традиции» об истории создания партии, её деятелях, целях, рассмотрены вопросы по языку, земле, судьбе тюркских народов.
А. Байтурсынулы был и остался в памяти народа светлым лучом казахской науки и культуры.

Comentários