top of page
Search

«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани көшбасшысы.

  • ostrovfilial9
  • Oct 11, 2022
  • 2 min read

Ахмет Байтурсынов – духовный лидер казахского народа»


әдеби кеш


«Киевский» кітапхана-филиалында «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани көшбасшысы» атты іс-шара өткізілді.

Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист. Алаш партиясының мүшесі болған. А. Байтұрсынұлы 1937 жылы жазықсыздан қамауға алынып, ату жазасына кесілді. 1988 жылы ақталды.

Оқырмандарға қазақ халқының бостандығы үшін күрескен, мәдениетті дамытуға, ұлттық рухты сақтауға елеулі үлес қосқан қайраткердің өмірбаяны мен қызметі туралы ақпарат баяндалды. Ұйымдастырушылар А. Байтұрсынұлының қазақ жерлерін қайтару, мемлекеттік аппарат пен сот органдарында іс қағаздарын жүргізу, «Қазақ» газетін, қазақ әліпбиін, қазақ грамматикасын құру жолындағы ерен еңбегіне тоқталды. Қаламгердің аудармашылық қырлары танытылды, И. Крыловтың ертегілерін аударған жазушы азаматтарды білім алуға, еңбекқор болуға шақырған.

Іс-шара аясында «Светило казахского народа» мақаласы ұсынылды, жиналған қауым А. Байтұрсынұлы мен Бадрисафа Мұхамедсадыққызының арасындағы махаббат оқиғасымен танысты.

«Алаш» партиясының құрылу тарихы, оның қайраткерлері, мақсаттары туралы «Движение Алаш: историко-духовные традиции» мақаласында түркі халықтарының тіліне, жеріне, тағдырына қатысты мәселелер қаралды.

Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген Ахмет Байтұрсынұлының есімі ұрпақ жүрегінде жатталып, мәңгі есте қалары хақ.

«Киевский» кітапхана-филиалы Сізді күтуде, бізбен бірге болыңыздар!


литературный вечер


В Библиотеке-филиал «Киевский» проведено мероприятие «Ахмет Байтурсынов – духовный лидер казахского народа».

Ахмет Байтурсынов – просветитель, учёный-лингвист, литературовед, тюрколог, поэт и переводчик, общественный деятель и политический публицист, наш земляк. Член партии Алаш. Расстрелян в период Большого террора, реабилитирован посмертно.

Читателям была озвучена биография и деятельность А. Байтурсынова. Его жизнь была пронизана заботой о свободе казахов, развитии культуры, сохранении духа нации. Показана политическая борьба А. Байтурсынова с требованием возвращения казахских земель, ведения делопроизводства в государственном аппарате и судебных органах, создание газеты «Казах», казахской азбуки, казахской грамматики. Освещена переводная деятельность литератора - перевод басен И. Крылова, рассмотрены темы его произведений-свобода, призыв к просвещению, труду, гражданское самосознание.

Обращено внимание на статью «Светило казахского народа», читатели услышали биографию и работу А. Байтурсынова в партии «Алаш», историю любви с Бадрисафой Байтурсыновой.

Рекомендована статья «Движение Алаш: историко-духовные традиции» о истории создания партии, её деятелях, целях, рассмотрены вопросы по языку, земле, судьбе тюркских народов.

А. Байтурсынов был и остался в памяти народа светлым лучом казахской науки и культуры.

Добро пожаловать в библиотеку-филиал «Киевский»!




 
 
 

Comments


bottom of page