"Арайлы таңдай – Нұр-Сұлтан"
- ostrovfilial9
- Sep 5, 2022
- 1 min read
«Киевский» кітапхана-филиалында Астана күніне орай «Арайлы таңдай – Нұр-Сұлтан» атты әдеби тур өткізілді. Қызметкерлер қатысушыларға қала тарихын баяндап, қаланың көрікті жерлерімен, оның ішінде Сәкен Сейфуллин мұражайымен, «Әзірет Сұлтан» мешітімен, «Астана-Бәйтерек» монументімен, Бейбітшілік және келісім сарайымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайымен таныстырды. Оқырмандар викторина сұрақтарына белсенді жауап берді. Іс-шара аясында «Астанам, сені мақтан тұтамын!» атты кітап көрмесі құрылды. Көрмеге Ақмола облысының тарихынан сыр шертетін және ерен еңбегімен танылған өндіріс адамдары, еңбекші қауым өкілдері, тың игерушілер бейнеленген мұрағаттық фотосуреттер қойылды. Іс-шара соңына қарай «Қауіпсіз қала» мақаласы ұсынылды және «Астана» атты жолкөрсеткіш көрсетілді.
"Нур-Султан, словно утренняя заря"
В библиотеке-филиале «Киевский» проведен литературный тур «Нур-Султан, словно утренняя заря» посвященное празднованию Дня Столицы. Сотрудники рассказали историю города, отметили достопримечательности города – башни Темир Жолы и Северное сияние, музей Сакена Сейфуллина, мечети «Хазрет Султан», монумент «Астана-Байтерек», Дворец мира и согласия, Национальный музей Республики Казахстан и другие. Читатели участвовали в викторине, отвечали на вопросы. К мероприятию была оформлена книжная выставка «Славлю тебя, моя Астана!». Обращено внимание на статью «О зримой памяти истории» об архивных фотографиях Акмолинской области, где бережно запечатлены передовики производства, парады, облики трудящихся, целинников. Предложена статья «Қауіпсіз қала», путеводитель «Астана».

Comments